ЖаңалықтарҚалаӘлеумет

Бірінші вице-министр кәсіп ашқан отбасылармен танысты

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев Шымкент қаласына іс-сапармен келді, — деп хабарлайды Rastimes.kz сайты. Растаймыз!

Бірінші вице-министр Ержан Жылқыбаев Шымкент қаласының бірқатар мекемелерін аралады. Осыған орай, Еңбек бірінші вице-министрі атаулы әлеуметтік көмек алып, өз кәсібін ашқан отбасыға барды.

Шахида Латыпова — 5 баланың анасы. Жеке кәсіпкер. Ол атаулы әлеуметтік көмек алады. Оған шартты түрде ақшалай көмек тағайындалған. Қазіргі таңда кондитерлік өнімдерін дайындап, шағын дүкенін ашқан.

Бұдан бөлек, Ержан Жылқыбаев Асар шағынауданында орналасқан кәсіпкер, Муталхан Байырбековтің шеберханасына барды.

Муталхан Байырбеков — кәсіпкер. Ол жаппай кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік 505 мың грант иегері. Содан Муталхан өзінің домбыра жасау цехын ашқан. Қазіргі 5 адамды жұмспен қамтып отыр. Айына 80-ге жуық домбыра жасап, республикалық деңгейде экспортқа шығарады. Жасаған домбыраларының бағасы қолжетімді. Халыққа ыңғайлы болсын деген ниетпен сапалы да мықты домбыралар жасауда.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button