ҚалаӘлеумет

БАРЛЫҒЫ ХАЛЫҚ ҮШІН

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz — Мейірімді азаматтар ҚР Тәуелсіздік күніне орай көпбалалы аналарға сый жасады, — деп хабарлайды Rastimes.kz сайты. Растаймыз!

Ғалымжан Балтаев

Шымкент қаласында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай қайырымдылық іс-шарасы өтті. Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың бастамасымен «Қайырымды қала — Шымкент» акциясы аясында 100 отбасыға азық-түлік, гигиеналық заттар таратылды. Акцияға Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Балтаев қатысты.

Демеушілердің қолдауымен өткен шараны Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен «Meyirim.kz» электронды қайырымдылық порталы және «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қоры ұйымдастырды.

Сонымен қатар, басқарма басшысы Ғалымжан Балтаев қайырымды қала тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, қала әкімі Ерлан Қуанышұлының ыстық сәлемін жеткізді.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button