ҚалаӘлеумет

АЯҒЫ АУЫР КЕЛІНШЕКТІ ҰРЫП КЕТТІ

Иə-иə! Дəл солай. Барлығы «21 мың теңге» үшін!

Кешегі аптада орын алды. Бұл бірінші рет емес екен. Шымкент қалалық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік қорғау басқармасына барғам. (Стористе бөліскем көргендеріңіз болса). Сондағы танысым кəдімгідей шок!

Əйелдер жап-жас келіншекті ұрып, ауруханадан бір-ақ шығарған. Кінəсі? Ол — сол жердің қызметкері. Мен де — анамын, ол да — ана, бəріміз де ананың құрсағынан жаралған біреудің баласымыз. Мемлекет бөлген ақшаны бергі жақта кеңес беріп, азаннан кешке дейін тікесінен тік тұрып қызмет көрсетіп, не құжаттарды қабылдап жатқан маман «жеп» қоймайды. Олар — солдат! Бұйрықты орындаушы.

Арасында өзіміз сияқты АƏК алуға құжат тапсырып жүргендері де бар. Мүгедек бағып, жарынан айырылып қалғандары да бар болуы мүмкін. Сырттай олардың төрт құбыласы тең деп айта алмайсыз ғой.
Таяқ жеген келіншектің ішінде баласы бар, көп жылдар бойы көтермей, енді ғана қуанышқа кенеліп еді. Арты жақсы болса екен,- деп, танысым зыр жүгіріп жүр.

Мем.қызметкерлерде этика жоқ деуіңіз мүмкін. Əсте, олай емес!

Құжат тапсырамын деп, мен де жүрмін 2 апта бойы шапқылап. Соңы бір маман қабылдап, «объем»ның көптігін айтып, түсіндірді. Түсіндім. Сіз де сұраңыз, əдептен аспай, жаймен жанына келіп сұраңыз. Арнайы респешн тұр жұмыс істеп. Қатты шатақ шығарып бара жатса, сол жердегі бөлім басшысына жазбаша шағымданыңыз. Тыңдамаса одан үлкеніне барыңыз.

Бірақ, жаға жыртысып, жұлыспаңызшы. «Жазым аяқ астында». Мұндайдың соңы жақсы болмайды. Ызаңыз кеп ашуланып тұрсаңыз да ақыңызды бөтеннен алмаңыз. «Сабыр түбі — сары алтын» деген)) P/S: АƏК алам деп, шапқылап жүрген тек əйел. Жұмыс іздегендер де солар. Сонда ЕРКЕКТЕР қайда? Өзінің шағын ғана мемлекетіне қамқорлық жасай алмаса, қайтіп МЕМЛЕКЕТ БИЛЕУШІСІН сынай алады, а?

ЕРКЕКТЕР ҚАЙДА? АБАЙ АТАМЫЗ АЙТПАҚШЫ, ЕСЕКТІҢ К..Н ЖУ ДА, МАЛ ТАП!!!

Автор: Эльмира Тұрлыбек — журналист

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button