ҚалаӘлеумет

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz — 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4 және одан да көп баласы бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақының жаңа түрі енгізіледі. Бұл жәрдемақының отбасының табысына қатысы жоқ, бөлек тағайындалады: 4 балаға – 42 496 теңге (16,03 АЕК); 5 балаға – 53 127 теңге; 6 балаға – 63 757 теңге; 7 баладан бастап және одан көп баласы бар отбасыға – 74 388 теңге, — деп хабарлайды «Шымкент келбеті» газеті.

Бұл туралы Еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Аманжол Нүрсейітов пен департамент басшысының орынбасары Ергеш Ержан Шымкент қалалық әкімдігінің ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде түсіндірді.

Қазіргі таңда арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 2018 жылға дейін тағайындалған отбасылар, өтініш беруші мен оның балаларының бірге тұратыны ақпараттық жүйелерде расталған жағдайда, жаңа жәрдемақыға көшу автоматты түрде, ХҚКО-ға өтініш жасамай жүзеге асырылады.

Жаңа жәрдемақы 2020 жылы өтініш берілген күннен бастап тағайындалады. Құжаттарды қабылдау процесі ешқандай мерзімдермен шектелмеген, яғни көпбалалы отбасының жәрдемақыға құқығы 2020 жылдың ортасында пайда болса, ол балалардың бар екенін және бірге тұру фактісін растайтын құжаттармен және тиісті өтінішпен ХҚКО-ға жүгінеді. Егер бұл деректер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы расталса, көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

(с) Бектаев Нурлан

Фото: Серик Косаев

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button