Без рубрики

«ASSYLTAS» қоғамдық қоры 100 отбасыға көмек бермекші

«ASSYLTAS» қоғамдық қоры жүзден аса отбасыға әлеуметтік көмек береді. Бұл фейсбук әлеуметтік желісінде х​абарланды.

Біз ASSYLTAS қоғамдық қоры арқылы қайырымдылық бастаманы жүзеге асырмақ ниеттеміз! Қазіргі қиын қыстау сәтте жұдырықтай жұмылып,​ бірімізге-біріміз жәрдемдессек деген тілегіміз бар. Баршаңызды төмендегі реквизитке қолыңыздан келген көмекті жасап, сауапқа кенелуге шақырамыз! Осы ретте айта кететін маңызды нәрсе 3 күн бойы картаға қанша ақша жиналса, үстіне тура сондай мөлшерде ASSYLTAS қоғамдық қорынан қаражат бөлеміз. Яғни біз қаражат көлемін екі еселейміз.

Көмекті кәмелетке толмаған 4 баласы бар отбасыларға,​ асыраушысынан айырылған жалғызбасты аналарға береміз! Неғұрлым көп ақша жиналса, соғырлым көп отбасыға көмек болады.
Үш күнде қаражат жиналғаннан кейін өтініштерді қарастырамыз!

Көмек мөлшерін 25000 теңге деп бекіттік.

Аянып қалмайық достар, әр қазақ біздің жалғызымыз!

Ақшаны суретте көрсетілген картаға аударып көмегіңізді білдірсеңіз болады, — дейді TASCREDIT компаниясының бас директоры Дулат Тастекеев фейсбук парақшасында.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

10 Comments

  1. 5 балам бар квартирада турамыз аз камтылган отбасымыз

  2. Салеметсизбе мен көп балалы анамын жалдамалы үйде турамын төрт балам бар сиздерден көп көмек сураймын

  3. Менің 4 балам бар квартирада турамын. Казір киын қыстау кезде көмек берсеңіздер . Сіздерге Алла разы болсын

  4. Саламатсыздарма. Біз аз қамтылған отбасы едік.5 балам бар. Бізге көмек берулеріңізді сұраймын

  5. Саламатсыздарма 6 баланың анасымен ешқандай көмек алмадым 5еуі мектепте оқиды 6шы барам 1жаста маған көмек болама күйеуім жалдамалы жумысшы қазір жумыс жок

  6. Жалғыз басты анамын, 3 балам бар, жұмыссызбын, отбасымда мүмкіндігі шектеулі балам бар.

  7. Сәлеметсіздер менің 4балам бар. Жұмыссызбын осындай қиын қыстау кезде көмек қолын созсаңыздар нұр ұстіне нұр болар еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button