ЖаңалықтарӘлем
Trending

Арменияға он мыңнан аса әскер шабуылдауда

Біз бұған дейін соғыс деген атауды естімеген болатынбыз. Естігеніміз елімізден мыңдаған шақырымда жатқан Сириядағы соғыс болатын. Ал, енді соғыс деген аңыз, атылған оқтың дауысы елімізге де естіле бастады.

Фейсбук әлеуметтік желісінде журналист Асхат Қасенғали соғыс жайлы мәлімет жариялады.

Журналист Асхат Қасенғали:

Пашинян бүгін халқына ерекше үндеу жасады. Соны қазақша аударған едім, қазақтар қазақша оқысын деп. Сонымен үндеу:

«Құрметті халқым!
Армения Республикасының намысты азаматары.
Арцах Республикасының намысты азаматтары.
Намысты армян диаспоралары!

Бір апта бойы Арцах пен Армения халқы әзірбайжан-түріктердің террорлық шабуылына қарсы тойтарыс беруде. Шабуыл ауқымды, әскери сарапшылардың айтуы бойынша 21-ғасырда мұндай шабуыл әлемдік қақтығыстарда сирек болған.

Жүздеген танктер мен БМП, мыңдаған мина мен зымырандар, ондаған ұшақтар мен БПЛА-лар, ондаған мың әскер шекараның барлық аумағында бір апта бойы толассыз шабуыл жасауда.

Біздің талдауларымыз, Арцах қорғаныс күштерінің позицияларына 150-200 жау әскері топтаса шабуыл жасайтынын көрсетті. Мұндай шабуылдар әр позицияға күніне бірнеше мәрте қайталанып, жау әскерінің шабуылына зымырандар мен артиллериялар, ұшақтар мен БПЛА-лар үлес қосуда. Біздің әскерилеріміз шабуылға тек қана Әзірбайжан сарбаздары емес, сириялық содырлар мен түріктердің арнайы жасақтары қатысып жатқанын да ескертуде.

Біздің қолымызда бар мәліметке сәйкес, 150 жоғары шенді түрік әскерилері Әзірбайжан қарулы күштерінің түрлі бөлімшелерінде кеңес беріп, тікелей әскери қимылдарды басқарып отырғанын білдік.

Бұл ақпараттардың өзі алдыңғы шепте қаншалықты қиын ұрыстар жүріп жатқанын дәлелдеп тұр. Міне бір апта бойы Аpцах қорғаныс күштері мен ерікті жасақтар қасиетті Арцах жері үшін қасық қаны қалғанша шайқасып жатыр.

Қазіргі таңда әскери және бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар көп. Өте көп техника істен шықты, бірақ жауымыз өзінің алға қойған стратегиялық міндеттерінің бірде-біреуіне қол жеткізе алған жоқ.

Біздің сарбаздарымыз, офицерлеріміз, генералдарымыз бен еркіндік үшін соғысып жатқан азаматтарымыздың жауымыздың жабайы шабуылына қарсы көрсеткен табандылығы таңғалдырады. Сарбаздарымыз бен еріктілер жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгісін көрсетуде.

Бүгін ұрыс алаңында жауымыздың жүздеген әскери техникасы, ондаған әуе кемесі мен тікұшақтары, жүздеген БПЛА-лары қирап жатыр. Жаяу әскерінің шығыны бірнеше мыңнан асады.

Қазір ауыр шайқастар майдан шебінде жалғасып жатыр, бір жерде қорғаныс әскерінің жағдайы өте мүшкіл, ал бір жерде керісінше жағдай толық бақылауда.

Құрметті отандастар, бауыpлар мен қарындастар!

Біз өзіміздің мыңдаған жылдық тарихымыздағы ең шешуші кезеңінде тұрмыз. Әзірбайжан-түрік топтары тек қана әскери немесе әскери-саяси мәселені реттеп шешуді көздеп отырған жоқ. Оларды тек қана Қарабақ пен қарабақ мәселесі толғандырып тұрған жоқ. Олар ауылдар мен қалаларды, өлкелерімізді басып алуға ғана келген жоқ. Олардың көздегені — армяндар, армян геноцидін бүгінгі күні жалғастыру.

Бірақ мен бүгін армянның кім екенін айтқым келеді, Армения мен Арцах Республикасының азаматы, Дейр-эз-Зорға бет алған кешегі кезбе емес. Бүгін біз өз Отанымызды, бірегейлігіміз бен құқықтарымызды барынша қорғауға дайынбыз.

Оған кеше Арцахтың қорғаныс командирімен, дивизия командирлерімен, офицерлермен, тіпті қатардағы жауынгермен телефон арқылы сөйлескенімде көз жеткіздім.

Мен оларға бас иетінімді, оларды мақтан тұтып, шексіз құрметтейтінімді айттым. Мен оларға армян халқы өздерінің батырлары арқылы жеңістің дәмін татқандықтан, енді басқа тағдырға көнбейтінін жеткіздім.

Жеңіс, тек қана жеңіс, бұл күрестің бітер тұсы жеңіс болмақ. Бүгін бірнеше сағат бұрын Арцах қорғаныс әскері қарсы шабуылға шығып, жаудың бірнеше арнайы жасақ күштерін талқандады. Жалдамалылардың саны қанша көп болса да, жауымыз біздің өмірге деген құштарлығымызға қарсы тұра алмайды, біз жау әскерінің енді ешқашан қанды қолын жерімізге, отанымызға тигізбеуі үшін беломыртқасын сындыруға тиіспіз!

Құрметті халқым!
Арменияның намысты азаматтары!
Арцахтың намысты азаматтары!
Намыстан жаралған армян диаспоралары.
Бұл жаңа Сардарапат, әрқайсымыз бір мақсатқа өзімізді арнауымыз керек, ол мақсат — жеңіс!

Әрқайсымыз сол жеңістің бір бөлшегі болуға дайын болуымыз керек. Біз жеңеміз. Біз міндетті түрде жеңеміз. Біздің жеңетінімзге күмән келтірмеңдер.

Еркіндік жасасын!
Армения мен Арцах Республикалары жасасын!
Бақытты да азат Арменияда күн кешетін біздің балаларымыз жасасын.
Қаза тапқан батырларға тағзым.
Жеңіс әкелуші әскеріміз бен халқымыз жасасын!»

Пашинянның осы үндеуін барлық батыстық және ресейлік сайттар жазып жатыр, бірақ біздің сайттар үнсіз сол әдеттегідей. Мына үндеуден мен Түркияны ашық айыптауды, «беломыртқасын сындырамыз» деу арқылы, соғысқа халқын шақыруды байқадым. Үндеудегі «кей тұста әскердің жағдайы мүшкіл» дегені, үлкен шығындарды мойындағаны деп түсіндім. Сөздерінде үлкен айыптаулар көп, алаңдаушылық сезімі жоғары сияқты. Енді Әзірбайжан президентінің үндеуін күтем, осында салатын боламыз.

Rastimes.kz сайты

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button