СпортҚалаҚоғам

АРБАҒА ТАҢЫЛҒАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ НЕГЕ ЕЛЕНБЕЙ ЖҮР?

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz – Параолимпиададан Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы, Әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Ермек Қалымбетовке Германиянада өткен Әлем чемпионатында әділетсіздік жасалды, — деп хабарлайды Rastimes.kz сайты. Растаймыз!

Ермек Қалымбетов – ОҚО Сайрам ауданының тумасы. Мүгедек жандардың арасында өтетін қол арбамен жүгіру жарысынан еліміздің бірнеше дүркін чемпионы, әлемдік додаларда жеңімпаз атанып жүрген Шымкент қаласының дарынды спортшыларының бірі һәм бірегейі. Анасы – ұстаз, әкесі – Ауған соғысының ардагері. Ермек жігерің болса, жігітке жеті өнер де аз деген қағидаға берік азамат. Туа бітті жұлын жарақатына шалдыққан ол қол арбаға отырып спортты бағындырып, би өнерінің шыңына жетуді көздеген. Мүмкіндігі шектеулі жан дегеніміз болмаса, он екі мүшесі сау адамның жетпеген жетістіктеріне жетіп, дені сау адам жасай алмаған ерлікті Ермек жасап жүр.

Данышпан Абайдың: «Мен өлеңді жазбаймын ермек үшін» деген өлеңі естеріңізде болар. 1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған аламан айтыста айтыскер Ермек Жұматаев: «Абай өлең жазбаса ермек үшін, Ермек те өлең айтпайды Абай үшін», — деп тоқ еткізген екен. Міне, нақты сөз. Ал, бұл сөз спортшы Ермектің аузынан шықса не істемекпіз?

Болашақ олимпиада чемпионының материалды жайдайын жасамасақ та, моральді тұрғыда көмек беруге сіз бен біздің мүмкіндігіміз бар ғой?

Ендігі бір қызығы, ұрып-соққан, қырып-жойған, жалпы айтқанда боксшы, таеквандошы, т.б спортшыларымызды жұдырығына дейін әлпештеп, құрмет көрсетіп, жастармен кездесу кештерін ұйымдастырып жатамыз. Оларды батыр дейміз. Оған біздің еш таласымыз жоқ. Жай ғана мысал ретінде келтіріп отырмыз. Шетелге бірнеше рет барып, бірінші орыннан басқа орын алмайтын спортшымызды, мүмкіндігі шектеулі болса да батырлықтың айқын көрінісін көрсетіп жүрген Ермек Қалымбетовты орынбасары білсе, әкімі біле бермейді…

Ермек — әлем мен қоғамнан қашанғы әділетсіздік көре бермек. Бұны бір ретке қойып, болашақ чемпионды үлкен һәм маңызды жарыстарға дайындаудың қамын жасау керек. Біз бұны Шымкент қаласының әкімі Е. Айтахановтың назарына ұсынамыз!

2019 жылғы Әлем чемпионаты кішкене әділетсіз өткеніне байланысты көңілім кішкене қалды. Қалай ойлайсыздар, спортты ауыстырғаным жөнбе?, — деп жазыпты Ермек Қалымбетов фейсбук парақшасында.

Ермек Қалымбетов — тек қана спортшы емес, әнші де. Жыл сайын қалалық деңгейде шығармашылық кешін ұйымдастырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық жасайды. Нағыз азаматымыз осындай болсын.

Әдетте мүгедек жанды көргенде аянышты көзбен қарап жатамыз. Ал, Ермек мұндай көзқарасты ұнатпайды деу әлсіздеу болар, жек көреді! Ол айналасымен ашық-жарқын тілдесіп, қол арбасымен адам жасай алмайтын іс-қимылдар жасап адамдарды таңқалдырып жатады.

Ермекті «нағыз демакрат» деп атаймыз!

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button