Без рубрики

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның «AYGEN» пакетінде не бар?

Помпео еліне қайтты. «Папа, папа не әкелдіңіз» деп алдынан балалары, немерелі жүгіріп шығады. Сонда Мәкең Айген пакетін ашып жіберіп, Орталық Азиядан әкелген базарлықтарын шығарады-ай келіп. Қазақ пен қырғыз салып берген сүрленген ет, қазы-қарта, жал мен жая, құрт, май, ірімшік, қазақтың шапаны, қырғыздың айыр қалпағы. Екінші пакетте өзбектер салып берген киш-миш, сухoфрукты, әйеліне он метр мата, қауынның қағы, қысқа деп сақтаған қарбыз. Түркімендер Помпеоның ұлына алабай күшігін беріп жіберіпті. Қазақ пен өзбектің үйіне ғана кіріп шықса да, Орталық Азиядағы бес елдің сыртқы істер минитрлері де ұят болмасын деп пакетіне сарқыт салып берген шығар енді)

Содан әйелі екеуі дастархан басына отырып, келіні Лукашенко салып берген картошканы қуырып беріп, шай ішіп әңгіме соғады. Қазақтар суық астанасында суықтау қарсы алғанын, өзбектер жылы астанасында жылы қарсы алғанын айтып отырған шығар)

Ал шын мәніне келсек, Орталық Азиядан қандай жауап әкеткенін алдағы уақыттағы саяси шешімдерден көре бастаймыз.

Асхат Қасенғали

Блогер

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button