Без рубрики

АҚШ-Иран қақтығысы: Генерал Сулейманидің жаназасына 3 миллион адам қатысты

1. Қаза тапқан генерал Қасым Сүлейманиді жерлеу сәтінде халықтың көп болғаны сонша, адамдар бір-бірін таптап, 35 адам қаза тауып, 48 адам жарақат алды.

2. Иран Парламенті Пентагонды террористік ұйым деп тапты.

3. Ирак АҚШ әскерінің елден кетуін талап етуіне байланысты бұл елдегі ДАИШ(ИГИЛ)-қа қарсы операция тоқтатылды. Вашингтон Иракқа қарсы санкция салу туралы заңды қабылдамақ.

4. Иран АҚШ-тан кек алудың 13 нұсқасын ұсынды. Оның барлығы да әскери бағытта және қарапайым зымыранмен соққы беруден бастап, өзге елдердегі нысандарды шабуылдауға дейін ұсынылды.

5. Иранның халықтық жасағы «Басиджге» 3 млн дана қаруды беру жоспарлануда.

6. АҚШ В-52 ауыр бомбалау ұшақтарын Луизианадан Үнді мұхитына әкелді. Сондай-ақ, Еуропадағы кей жасақтарын Таяу Шығысқа жіберуді іске асырмақ.

7. Иран «жерлеу рәсімінен кейін кек алуды іске асырамыз» деп мәлімдеді.

Асхат Қасенғали

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button