Без рубрики

Әл Фарабиліктер Әл Фарабидің жолымен келеді

Бүгін Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының бастамасымен 2020 «Волонтер» жылы аясында аудандық төтенше жағдайлар қызметкерлері және еріктілердің қатысуымен аудан аумағында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Сенбіліктің мақсаты: көктемгі жауын шашыннан болатын қауіп қатерлердің және су тасқынының алдын алу мен тұрғындарға қала тазалығының барлығымызға ортақ екендігін ұғындыру.

Сенбілікке Әл -Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және волонтерлар мен аудан тұрғындары жалпы 600-ден астам адам, 12 арнайы теxникалар жұмылдырылды.

Алдағы уақытта осындай сенбілік шаралары тұрақты жүргізіліп отырады. Құрметті аудан тұрғындары өз аулаларыңызды және ирригациялық арықтарды тазалауға шақырамыз.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Back to top button