ЖаңалықтарСұхбатҚоғам

Баймахан Сүлейменов: Халықты соңыңнан ерту үшін, халықтың соңынан өзің ер

Елімізде көпшілік біле бермейтін атымтай жомарт азаматтар бар. Әрине бұл олардың қарапайымдылығы. Солай десек те болады. Түркістан қаласына іс-сапарға барғанымызда, Баймахан Сүлейменов деген азаматтың есімін ел аузынан естідік. Ол – Түркістан облысы мәслихатының депутаты екен. Біршама түйіткілді мәселелерді шешіп, халықтың қошеметіне бөленіп жүрген азамат. Сонымен депутат мырзамен сұхбаттасуды жөн көрдік, сұхбаттасудың да сәті түсті.

Тірші:

Баймахан Тоймаханұлы! Сұрақты төтесінен қояйын. Праймеризге қатыспай-ақ, елге қызмет етуге болады емес пе? Дегенмен, бұл жобаға қатысуға бір себеп болғаны анық. Сіз айтыңызшы, бұған не түрткі болды?

Сүлейменов:

Орынды сұрақ. Праймеризге қатыспай-ақ, елге қызмет етуге толық мүмкіндік бар. Осы аймаққа белгілі азаматтардың біріміз. Елдегі жігіттерге ағамыз. Қандас бауырларымыздың қайғысында да, қуанышында да біргеміз.

«Халықты соңыңнан еріту үшін, халықтың соңынан өзің ер» деген. Сол сияқты біз халықтың ішінде жүргеніміздіктен кедергісіз еңбек етуге, танымал болуға праймеризді қажет етеміз. Бүкіл өркениетті елдерде де праймериз өтуде. Ол Америкада да, Ресейде де бар.

Бабаларымыз «Үйрен де жирен» деген. Біздің білетінімізден білмейтініміз де баршылық. Өйткені, «Болашақ» бағдарламасымен шет елде оқып келген азаматтардың екі елдің жұмыс жүргізу тәртібі мен білімін салыстара отырып, бүгінде шығарып жатқан нәтижелері бар.

«Ақылысы асса, аға тұт» дейді. Қасымызда ағаларымыз бар. Жол көрсеткен, жөн көрсеткен. Ал, бірақ жастардан да алатынымыз бар. Сол себепті праймаризге қатысуға өзімнің де құштарлығым артты. Өйткені, праймериз – ұлт көшбасшыларын таңдау. Бәйгеге жалғыз-жарым ат келер болса ол бәйге болмайды. Бәйгеге көптеп қосылу керек. Праймеризге қатысушылардың тең жартысы жастар. Сол жастардан да алатын үлгі-өнегеміз бар. Өйкені, атамыз айтқан: «Қария келсе асқа, жас келсе іске», — деп. Жас буынмен бірігіп жұмыс ісетесек, біздің алар асуларымыз бар. Сол себепті де мен праймеризге қатысуға бел будым. Жастарға білгенімді үйрететін, білмегенімді үйренетін деңгейдемін деп ойладым.

Тілші:

Біздің қоғам сөзге шорқақ адамды да, шешен адамды да сынап жатады. Әрине бұл қалыпты жағдай. Елге қызмет ету үшін сөйлей алу керек пе, ойлай алу керек пе әлде қалай?

Тағы да жақсы сұрақ қойдыңыз. Атамыздың бір сөзі бар. Аталарымыз: Көргеніңнен көп екен көрмегенің, бәрінен де жақсы екен өлмегенің» демекші, жасым елуге келсе, осы жасымда көп дүиені ойыма түйдім. Көп адамдардан ақыл сұрадым. Көп адамдарға ақыл емес, ұсыныс айттым. Мұндағы ой түйіндеу — адамның келешектегі берілетін бағыты. Ойыңды түйіндеп алмай, сөйлей алмайсың. Ақылыңа, парасатыңа, күнделікті өмірдегі тұрмысы сәйкестендіріп сөйлегеннің өзі жөн ғой деп ойлаймын. Бір сөз дауды шешкен, жауды жеңген. Халық «Өзің жақсы болсаң, екі жақсының ортасында орын бар» деген. Біз өзімізді жақсымыз деп есептеуіміз керек. Қасыңда жүрген бауырларыңды бір сатыға биік қоя алу керек. Өйкені, олардың да өмірлік ұстанымы мен өзіндік пәлсапасы бар. Қысқасы, менің айтарым, сөйлей алу да, ойлай алу керек, соңыңнан халықты еріте білу де керек. Ал, сөйлемесең, үндемегенге ешкім жоламайды. Сөйлей білсең, адамға жол көрсетсең, сол кезеңде адамдар сенімен сұхбаттасуға асығады. Сол үшін де әуелі ойланып, мәуелі сөйлеу керек және сөйлейтін жерді де білу қажет.

Тілші:

«Қанша батыр болса да, жауға салма жалғызды, қанша шешен болса да дауға салма малсызды», — дейді ұлы халық. Сіз жалғыз емессіз бе, ұпайыңыз түгел ме?

Сүлейменов:

Бұл ойда жүрген дүние. Сөз бастау да, қол бастауда қииын. «Сөз бастау оңай қоштаушың болса, қол бастау оңай соңыңнан еретін сарбазың болса» деген ғой. Сол сияқты сөз бастап жүрген азаматтардың қасында жүру, олармен бірге талай дау-дамайдың ортасында болу шындығында адам баласы үшін өте қиын. Екі тараптың да өзіндік ойы бар. Аталарымыздан сөз артылып па еді, олар: «Қашқан да құдай дейді, қуған да құдай дейді», — деп айтқан. Қашып бара жатқан адам: «Ей, құдай, құтқара гөр» дейді, қуып бара жатқан адам: «Ей, құдай, жеткізе гөр», — дейді. Сол сияқты төбемізде бір Құдайдың қалауы болады, бірақ талай дауда сөзімізді сөйлейтін ағалар бар, басшылар бар бірлесіп түйіткілді мәселерді шештік. Екі тараптың да көңілін жықпай, екеуін татуластырып, ертең бірге өмір сүретіндей деңгейге жеткіздік.

Оңай жерде нан жоқ. Барлығына талап керек. Бәріне ниет керек. Сосын барлығын түгендейтін ақ пейіл керек. Енді малсызбын деп айта алмаймын, өзіме лайықтысы бар. Бірақ, бар екен деп оны көп жерде шаша алмаймын. Қажетті жерінде ғана жұмсауға тырысамын. Әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасылар болатын болса, қалтамдағы барымды аямаймын. Зағиптер бар, әлеуметтік мәселесі қиын адамдар бар, солардың барлығының басы-қасында жүрген азаматтардың бірімін. Жоқ адам қолын созады, бірақ жарлының дұғасы көбірек қабыл болады. Бар адамдың созған қолы өтімдірек болады. Аталарымыз тағы айтады осындайда: «Алаған қолым береген», — деп. Сол үшін бұның барлығының мақсаты бір. Малсыздың да, малдының да мәселесі шешілу керек. Бірақ, ақиқатында малды болған, жанды болған азаматтардың қасында өзіне тірек болатын жігіттер де болу керек деп ойлаймын.

Тілші:

Ақын Румидің: «Бәрін түсіндіруге болады, бірақ бәріне емес» деген сөзі бар. Осы орайда сіз халыққа нені түсіндіргіңіз келеді?

Сүлейменов:

Бізге тыныштық керектігін бәріміз білеміз. Бастысы базбұзарларға көңіл бөлмеуіміз керек. Ел бұзатын адамдарның сөзін тыңдамауымыз қажет. Тыныштық заман екенін білеміз. Елбасымыздың да ұстанған саясаты осыған саяды. Бір адамның артық айтылған сөзін елемеуіміз керек. Үйдің егесі бас болады, қалғанымыз соған көмекші боламыз. Айтар сөзіміз бар, барлық мүмкіндігіміз бар, тек қазіргі таңда жұмыстау істеп, мүмкіндігіңді жаса. Талаптанып, қанағат тұтып, соңыра халықтың тағдырын ойлайтын деңгейге жетуіміз керек.

Барлық мәселелерді қолдай алатын ауыл билері мен әкімдері бар. Олар ел үшін бәрін жасай алады. Бізге тек елдің тыныштығы мен денінің саулығы керек. Құдайдан тілейтінім сол.

Тілші:

Баймахан Тоймаханұлы, сұхбат бергеніңіз үшін алғыс айтамыз. Сәттілік серік болсын!

Сұхбаттасқан: Сүндет Сейітов

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button