ЖаңалықтарҚала

2020 ЖЫЛЫ ШЫМКЕНТ ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ

2020 жылы қаламыз Тәуелсіз Мемлекеттік Достастығы елдерінің мәдени астанасы болып жарияланған.

Одан бөлек, келесі жылы ТМД елдері мен ЮНЕСКО көлемінде Шымкент қаласының 2200 — жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтіледі.


Бүгінгі таңда, осы атаулы іс-шараларға дайындық жұмыстары басталды.
Осы бағытта қолға алынған Ескі қала — Цитадельді қалпына келтіру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Оған 502 млн. теңгеге бөлініп мақсатты игерілуде.

2020 жылы Орталық ипподром аумағында «Қайырымды қала — Шымкент» этноауылы ұйымдастырылады. Этноауылда наурыз айынан бастап қараша айына дейін Ұлттық халық шығармашылықты қолдау бағытында әр сенбі, жексенбі күндері іс-шаралар өткізіледі.


Одан бөлек, келесі жылы қаланың сәулеттік көрікін ашатын 2200 орындық конгресс-холл, оқушылар сарайы және медиа-орталық құрылысы жүргізіледі.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button