РеспубликаӘлеумет

2020 жылы әлеуметтік қорғау жүйесінің кейбір қызметкерлерінің жалақысы артады

НҰР-СҰЛТАН, Rastimes.kz — 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ауруханада, жартылай госпитальда, үйде күтім жасау және уақытша тұру жағдайында арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдардың қызметкерлері үшін психоэмоционалдық және физикалық белсенділігі үшін қосымша ақы енгізіледі, — деп хабарлайды ҚР Еңбекминінің баспасөз қызметі. Растаймыз!

Бұл қосымша ақы арнайы қызметтерді тікелей ұсынатын жұмысшылардың еңбегінің күрделілігі мен жоғары қарқындылығына байланысты сараланады.

Атап айтқанда, стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (паллиативтік көмек бөлімшелерін (палаталарын) қоспағанда): басқару персоналына – лауазымдық жалақыдан (бұдан әрі — ЛЖ) 30%; Негізгі персонал қызметкерлеріне (әлеуметтік қызметкерді қоспағанда) – ЛЖ-дан 35%; әлеуметтік қызметкерлерге, санитарларға – ЛЖ-дан 40%.

Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің паллиативтік көмек бөлімшелерінде (палаталарында): барлық мамандықтағы тәрбиешілерге, медбикелерге, санитарларға – ЛЖ-дан 60%.

Үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының қызметкерлеріне: басқарушы персоналға –ЛЖ-дан 15%; негізгі персонал қызметкерлеріне (әлеуметтік қызметкерді қоспағанда) – ЛЖ-дан 20%; әлеуметтік қызметкерлерге – ЛЖ-дан 35%; санитарларға – ЛЖ-дан 20%.

Жоғарыда көрсетілген санаттағы қызметкерлердің жалақысын арттыруды қаржыландыру үшін 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетте жыл сайын 8,4 млрд.теңге көзделген.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button