Без рубрики

2019 жылы 20 мыңнан астам шетелдікке Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілді

2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға 20 мың 557 рұқсат (бұдан әрі — ШЖК) берілген.

Оның ішінде бірінші санатқа (басшылар мен олардың орынбасарлары) 816, екінші санатқа (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) 4 595 рұқсат шығарылды. ШЖК тартуға арналған рұқсаттардың көп бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмыскерлер) санаттарына берілді – сәйкесінше 9 656 адам және 1 769 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 2 156, корпоративтік ауысым аясында 1 565 адам тартылған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 2 210 жұмыс беруші бар. Оларда Қазақстанның 518,8 мыңға жуық азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ын құрайды.

Еңбекші мигранттардың негізгі шыққан елдері Қытай – 4 397 адам, Өзбекстан – 2 254 адам, Үндістан – 1 819, Түркия – 1 845, Ұлыбритания – 1 420 адам.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейтінін еске сала кеткен жөн.

2019 жылға шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы республиканың экономикалық белсенді халқының 0,54%-ы (шамамен 48,7 мың адам) деңгейінде белгіленді.

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button