ҚалаҚоғам

2019 ЖЫЛДЫҢ 11 АЙЫНДА 2605 ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ АЖЫРАСҚАН

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz — Бұл туралы бүгінгі баспасөз брифингінде Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Н.Егембердиев мәлімдеді, — деп хабарлайды Rastimes.kz сайты. Растаймыз!

Аталған көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңінде 2400-ге жуықтап, 205 іс шамасында төмендеген. Ал, жыл басынан отау құрған отбасылардың саны 7437-ні құрады. Және де 2019 ЖЫЛДЫҢ 11 АЙЫНДА ШЫМКЕНТТЕ 57 563 АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІ ТІРКЕЛДІ.

Негізінен АХАТ бөлімі мемлекеттік тіркеудің10 түрі бойынша қызмет көрсетеді. Туылған күніңнен бастап, өміріңнің соңына дейінгі тіркеу жұмыстарымен айналысатын АХАТ бөлімі бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу, неке қиюды тіркеу, неке бұзуды тіркеу, әке болуды анықтау, бала қыз асырап алуды тіркеу, қайтыс болуды тіркеу, акт жазбаларын қалпына келтіру, акт жазбаларын жою, қайталама куәліктер мен анықтамалар беру және тегін, атын, әкесінің атын өзгерту сынды жұмыстармен айналысады.

Бұдан бөлек, 2018 жылы АХАТ бөлімімен қаралған заң органдарынан келіп түскен сұраныстар, өзгерту туралы күрделі істер, ұлттық тарихи дәстүрге байланысты арыздар саны – 17 075-ке жетсе, ал 2019 жылы бұндай хаттар саны 15 877-і құраған.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button