Қазақтың «Шолоховы» Еркінбек Тұрысов қайтыс болды…

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz — Көрнекті жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ОҚО Құрметті азаматы, Мұхтар Әуезовтың сырласы болған Еркінбек Тұрысов 93 жасқа қараған шағында қайтыс болды, — деп хабарлайды Rastimes.kz сайты. Растаймыз!

Шымкенттік оқырмандар қазақтың біртуар ұлы, белгілі жазушы-драматург Еркінбек Тұрысовты ақтық сапарға шығарып салды. Жаназаға жиналғанда қазақтың сөз алыбын Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрында соңғы сапарға аттандырды.

Тұрысов Еркінбек (12.10. 1927 жылы туған, Оңтістік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Талдыбұлақ ауылы) – тарихшы, жазушы-драматург.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2007). “Оңтүстік Қазақстан” облысы газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, меншікті тілші, аудан “Алғабас” газетінің редакторы (1968 – 78) болды. 1991 жылдан өзі негізінен қалаған “Бәйдібек – Сыланды” қоғамдық қайрымдылық қорының президенті. Жазушының “Келіншектау”, “Ақбақай”, “Қыран тауы”, “Құралай жолы”, “Түндер сазы”, “Тұлпардың ізі”, “Нұржаудың нұрлы түндері”, “Темірлан” (қазақ, орыс тілдерінде), “Бәйдібек” (тарихи роман) кітаптары жарық көрген. “Көксеңгір”, “Қызыл қаршыға”, “Тау тәңірісі”, “Ақырғы айқас”, “Қайран Сәкен”, “Кемеңгердің керуені”, “Исаның домбырасы”, “Таңғы елес”, “Досовтың соңғы күндері”, “Темірқазық”, “Бұлантыдағы ұлы күн”, “Талдының тұнық сулары”, “Қош көгілдір Керулен”, “Сырлы Алтай”, “Алаш туы астында”, “Қасиеттің қорғаны”, т.б. тарихи-көркем повестер, хикаяттар мен эссе-естеліктері баспадан шықты. “Алыста қалған” повесі үшін (орыс тілінде) “Славян мәдениетінің мың жылдығы” халықар. байқауының алғашқы сыйл-ын (1995), “Шығыстың шоң ұлдары” шығармасы үшін халықар. “Алаш” сыйлығын (2005) алған. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының құрметті азаматы.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Перейти к верхней панели