Қайырымды қаланың тұрғындары

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz — Шымкент қаласы №83 жалпы орта білім беретін мектебінде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы жалғасын тауып Нұр Отан партиясы филиалы Қаратау ауданы «Қайнарбұлақ» бастауыш партиясының төрағасы Б.Е.Михеевтың бастамасымен «Қайырымдылық адамгершілік мекені» атты акциясы өткізілді,- деп хабарлайды Rastimes.kz сайты.

Қайырымды қаланың қайырымды тұрғындары тарапынан Қайнарбұлақ саяжайының әлеуметтік жағдайы төмен аз қамтылған 15 отбасына азық-тұлік пен қажетті тұрмыстық заттармен қамтамасыз етілді.

Мектептің әлеуметтік педагогы Ермаханова Күлархан ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнатып, оқушылардың тұрмыстық жағдай туралы үнемі хабардар болып отырады.

Мектеп психологы Қырықбаева Ақерке 7 сыныптармен «Бар мейірім балаға» тренингін өткізіп, соңы концерттік бағдарламамен аяқталды.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
Перейти к верхней панели